Биыл елімізде 82,2 млрд. кВт сағат электр энергиясы тұтынылатын болады

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл елімізде 82,2 млрд. кВт сағат электр энергиясы тұтынылатын болады.

Биыл елімізде 82,2 млрд. кВт сағат электр энергиясы тұтынылатын болады

Бүгін Астанада өтіп жатқан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Жақып Бөкенбаев осылай айтты.

«Жедел деректер бойынша, шілденің 1-інде республикамызда 41,87 кВт сағат электр энергиясы тұтынылды. Өсім 9,7 пайызды құрады. Ал электр энергиясын өндіру 7,5 пайызға өсті. Қалыптасқан жағдай 2010 жылы елімізде 82,2 млрд. кВт сағат электр энергиясы тұтынылады деп жоспарлауға мүмкіндік береді», - деді алқада Ж.Бөкенбаев.

Оның айтуынша, тиісінше жылдың соңына дейін елімізде 84,7 млрд. кВт сағат электр қуаты өндіріледі деп күтілуде.