Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің көлемі 12 пайызға ұлғайып, 3,8 млрд. теңгені құрайды - Б. Сапарбаев

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің көлемі 12 пайызға ұлғайып, 3,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Бердібек Сапарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту жөніндегі шаралар қарастырылуда. Биыл мақсатты трансферттерді ескере отырып, республикалық бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 3,8 млрд. теңге қарастырылып отыр, бұл өткен жылғы деңгейден 12 пайызға көп», деді алқада министр. Б. Сапарбаев тұрғын үй көмегін көрсетуге 4,8 млрд. теңге бөлінетінін, бұл былтырғыдан 46 пайызға артық екенін атап өтті. «Қарастырылған қаражаттардың есебінен әлеуметтік қолдаумен 500 мың адам қамтылады. Бұлардың ішінде 246 мыңы жұмыстан босатылған адамдар мен жұмыссыздар», деді ол.
Соңғы жаңалықтар