Биыл елімізде қанша электр энергиясы өндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша энергия өндіру көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл елімізде қанша электр энергиясы өндірілді

«Есепті кезеңде 66,2 млрд кВт.сағат

электр энергиясы өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,7% құрап отыр. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 2,03 млрд кВт.сағ құрап отыр, былтырдың сәйкес кезеңіне қарағанда 142% құрады», - делінген министрлік мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 49,8 млн тоннаны құрап, жоспар 99% орындалды. Теңіз жобасында аталған кезеңде 15,9 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар 100 пайызға атқарылды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 6,9 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш биылғы жеті айдың жоспарына қарағанда 95,1%-ды қамтыды