Биыл елімізде мұнай өнімі 74 млн тоннаға болжанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елімізде мұнай өнімі 74 млн тоннаға болжанады. Бүгін «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырылымы барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,5 пайыздық деңгейге өсетіні болжанады. 2016 жылы өнеркәсіп өндірісі 2,0 пайызға төмендеуі да қарастырылған. Бұл негізінен тау-кен өнеркәсібінің бес, қайта өңдеу өнеркәсібінің 1,4 пайызға қысқаруы салдарынан орын алмақ», - деді Е. Досаев. Оның айтуынша, 2016 жылы елімізде мұнай өндіру 74 млн. тоннаны құрайтын болады. Ал Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы инфляция 6,0-8,0 пайыз дәлізінде болжанады. Бұл бұған дейінгі бекітілген көрсеткішке сай келеді.