Биыл еліміздің электр стансыларында жиынтық қуаты 98 МВт болатын турбоагрегаттарды іске қосу жоспарлануда - Ә. Исекешев
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстанның электр стансыларында жиынтық қуаты 98 МВт болатын турбоагрегаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен энергетикалық саланы дамыту перспективасына арналған кеңесте вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты,
деп хабарлйды ҚазАқпарат.
«2009 жылы электр стансыларында жиынтық қуаты 92 МВт турбоагрегаттар іске қосылды, 2010 жылы 98 МВт іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа қуаттарды іске қосу үшін негіз қаланып жатыр: 2011 жылы - 455 МВт, ал 2012 жылы - 590 МВт жаңа қуаттар іске қосылатын болады», деді кеңесте Ә. Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, инвестициялық келісімдер аясында эксплуатацияға енгізілген қуаттардың жиынтық көлемі - 3700 МВт-тан астамды құрайды. 2016-2017 жылдары бұл көлем 4 700 МВт-қа жақындайды деп күтуге негіз бар.