Биыл елордада 1-сыныпқа 26 мың оқушы қабылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы оқу жылында елордада болжам бойынша 26 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барады деп күтілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші тоқсанда оқушыларды қосымша аттестаттаудан өткізу туралы тоқталып өтейік. 1-11 сыныптарда бір бөлім бойынша жиынтық бағалау және бір тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 3-12 мамыр аралығында, тоқсандық жиынтық бағалау 17 мамырдан бастап өтеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, ол 31 тамызға дейін жалғасады.

«Биылғы оқу жылында болжаммен 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар