Биыл елордада қанша шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл елордада қанша шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

«Биыл біз 3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Алдымызға өте байыпты міндет жүктеліп отыр. Салыстыру үшін айтар болсақ, өткен жылы 1 млн 700 шаршы метр баспананы пайдалануға берген едік. Соған орай күн сайын құрылысшылармен кездесіп, мәселелерді талқылап отырамыз. Бұл ретте сіздер, мәслихат депутаттары бізге үлкен қолдау көрсетіп отырсыздар. Сіздер сайлаушылардың үлкен легінің атынан өкілдік етесіздер», - деді Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында.

Отырыс барысында елорда әкімі қалада шұғыл шешуді қажет ететін 3 проблеманы атаған болатын.

Оның қатарында Үшінші жылу электр стансасын аяқтау, үшінші сорғы-сүзгі стансасын және кәріздік тазарту құрылғысын салу бар.

«Елорданың қарқынды дамуына, халық, көлік санының өсіміне қатысты өзге де проблемаларды айтпағанда осы үш мәселе жүйелі сипатқа ие болып отыр. Әрине, мұның барлық көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме түсіреді», - деді Алтай Көлгінов.