Биыл елордада пациенттер 7 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 5 млрд 163 млн теңге игерілген. Ал МӘМС бойынша ересектер - 1 млрд 611 млн теңгенің, балалар 236 млн теңгенің препараттарын тегін алған.
«МӘМС жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтылған балалардың 1 156-сы жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының ауруларымен ем қабылдаса, 3 462-сі төменгі тыныс жолдары дертіне шалдыққан. Темір жетіспеушілігі анемиясымен - 517 бала, пневмониямен - 680 бала, синуситпен және аденоид ауруларымен 222 жеткіншек сырқаттанған», – деп атап өтті филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кетерлігі, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық ажетті дәрілер бар.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @saqtandyrybot телеграм-боты, 1406 байланыс орталығы және қ ордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.