Биыл елордадағы психикалық денсаулық орталығында 164 нашақор емделді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл психикалық денсаулық орталығында есірткіге тәуелді 164 адам ем алды. Бас шаһардың маслихатында баяндама жасаған Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Қайкенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Қалалық психикалық денсаулық орталығы жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осылайша, биыл орталықта есірткіге тәуелді 164 адам емделді. Оның ішінде апиын қолданған 54 азамат бар. Талдау көрсеткендей, тәуелділердің жасы 25-39 аралығында», - деп тоқталды Берік Қайкенов.

Басқарма басшысының міндетін атқаушы елордалық дәріханалар арқылы күшті әсер ететін препараттардың таралуы азаймай тұрғанын атап өтті.

«Кейбір адамдар дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз, жалған рецепттерді қолдана отырып сатып алады. Сонымен қатар, пациенттердің көбі дәріні дұрыс қолдануды білмейді.

Қазіргі уақытта 75 пациент паллиативтік көмекке мұқтаж. Атап айтқанда, олар трамадол, инъекцияға арналған ерітінді, суппозиторий, фентанил, трансдермальды система сияқты препараттарды қажет етеді. Олар 4 ай ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек шеңберінде жалпы сомасы 9,8 млн теңге болатын есірткі және психотроптық препараттармен қамтамасыз етілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай дәрілерге мұқтаж науқастарға 27 млн теңгенің препараты тегін берілді», - деп түйіндеді Берік Қайкенов.


Соңғы жаңалықтар