Биыл Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы хабарлағандай, Астана қаласын су тасқыны зардабынан сақтау үшін Есіл өзенінің саласын реконструкциялау бойынша ағымдағы жылы 18 нысанды жүзеге асыру жоспарлануда.
None
None

Олардың ішінде 2015 жылы өзен саласын қайта құрудың 5-ші кезегінің 4 нысанын жобалауды бастау жоспарланып отыр, соның ішінде Су реттеуші бөгет жобасы бар. 2016 жылы 14 нысанның құрылысын бастау жоспарланса, 2017-2018 жылдары Есіл өзенінің саласын қайта құру бойынша тағы 4 нысанды салу жоспарлануда. 5-ші бөліктің 5 кезегінің жобасының құрамында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жағажай аймағы орналасады, сонымен қатар қажетті инфрақұрылымы бар өзен айлағын салу көзделіп отыр. Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат Астана қаласын өзен суынан болатын су тасқынынан қорғау мен абаттандырылған жағалау салу болып табылады. Кешенді шараларды атқару арқылы экологиялық мәселелер де өз шешімін табады, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар