Биыл ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметтердің 212 түрі қолжетімді болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) мемлекеттік қызметтердің 212-ге дейінгі түрі қолжетімді болады. Бұл туралы бүгiн Астанада әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференцияда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда қызметтерді алудың баламалы әдісі Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы іске асырылады. Қазіргі кезде 267 ХҚКО, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына арналған 70 мобильдік қызмет көрсету орталықтары бар. Олар бүгінде қызметтің 191 түрін атқаруда. Жыл соңына дейін біз қызметтің 212 түрін көрсетуді жоспарлап отырмыз. Егер де 2014 жылы ХҚКО-лар арқылы 29 млн. қызмет көрсетілсе, ал 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 19 миллионнан асып түсті», - деді министрдің орынбасары.

ХҚКО-да адамдарды қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалғанына тоқталған ол, кедергісіз қызмет көрсету, бірыңғай электронды кезек, сервистің сапасын бағалау енгізілгенін, сондай-ақ өзіне- өзі қызмет көрсету секторы ашылғандығын, мемлекеттік қызметтердің мониторингісі бірыңғай жүйесі қосылғанын атап өтті. Мұнымен қоса мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қажетті жағдай жасалды.

Соңғы жаңалықтар