Биыл инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінен аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«Қазақстандық өнімнің экспорты бойынша болжам 3,2 млрд. АҚШ долларға , импорт - 4,6 млрд. долларға өсті. Ұлттық Банктің болжамы бойынша 2016 жылы инфляция деңгейі бұрын жоспарланған дәліз 6-8 пайыз шегінен аспайды»,-деді министр.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, 2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 3,6 пайыз деңгейінде күтілуде. Кен өндіру өнеркәсібінде өндірістің 3,4 пайызға қысқаруы салдарынан, 2016 жылы өнеркәсіп 1,7 пайызға төмендейді.
Саудада 3,5 пайызға төмендеу болжануда, бұл ретте көлік пен қоймалауда көрсетілетін қызметтер 4 пайызға өседі.