Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл Канн фестивалін Моника Беллуччи жүргізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық актриса Моника Беллуччи Канн фестивалінің жүргізушісі болады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Биыл Канн фестивалін Моника Беллуччи жүргізеді

Фестиваль ұйымдастырушыларының хабарлауынша, кинофорум 17-28 мамыр аралығында өтеді.

Моника Беллуччи шараның ашылу және жабылу салтанатын жүргізетін болады.

Айта кетейік, актриса бірнеше мәрте Канн фестиваліне қонақ ретінде шақырылған болатын. Алғаш рет ол 2000 жылы «Күдікті» фильмін таныстыруға келсе, 2006 жылы әділқазылар алқасының мүшесі болған.