Биыл қанша шетелдік Қазақстанда емделді
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің медициналық ұйымдарында 565 шетелдік емделді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелеріне сәйкес, 2022 жылы еліміздің медициналық ұйымдарында 3 970 пациент (шетелдік) ем алды. Олардың 93 пайызы (3 298 адам) – шұғыл және 17 пайызы (672 адам) жоспарлы түрде емделді», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомство дерегіне қарағанда, 2021 жылы еліміздің медициналық ұйымдарынан 4 847 шетелдік, оның ішінде 4 320 адам – шұғыл, ал 527 адам жоспарлы түрде ем алып шыққан.
«2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің медициналық ұйымдарынан 565 шетелдік, оның ішінде 463 адам – шұғыл, ал 102 адам жоспарлы түрде емделді», - деді министрліктен.