Биыл қаңтар-маусым айларында еліміздегі азық-түлік тауарларының бағасы 8 пайызға қымбаттады
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында еліміздегі азық-түлік тауарларының бағасы 8 пайызға қымбаттады.
Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде таратылған мәліметтерден белгілі болды.
«Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы маусымда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 8 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 2,5 пайызға, ақылы қызметтер көрсетуге - 4,1 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы маусымда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,7 пайызға артты», - делінген таратылған мәліметтерде.