Биыл Қарағанды облысында 19 ірі құрылыс жүзеге асырылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша облыста биыл қандай нысандар салынаты жайлы айтылды. Бағдарлама аясында 19 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандыда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы аяқталады.
«Жоба өте маңызды. Жаңа аурухананың жұмысына қажетті барлық мүмкіндік жасалды. Құрылысқа қаржы Жұмыспен қамтудың жол картасы асында бөлінді. Ұзақ мерзімді құрылысты аяқтау керек», – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық жиында.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абзал Жайлыбаевтың айтуынша, байқаудың қорытындысы маусым айының ортасында шығады. Осыдан кейін мердігер жұмысқа кірісе алады.
Бағдарламаның барысы туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Әсем Жүніспекова баяндады.
Өңірде Жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес биыл 19 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған, оның 13-і өтпелі, алтауы жаңа. Жаңа денсаулық сақтау нысандары, Қарағандыда мектеп, төрт спорттық-сауықтыру кешені - Жезқазғанда, Шахтинскіде, Жезді кентінде және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде, Нұра кентінде бассейн, Саран қаласының РТЖ аумағында модульдік қазандық салынады.
«Құрылыс аяқталғаннан кейін 801 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», - деп атап өтті Әсем Жүніспекова.
Департамент басшысы Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша өзгерістер туралы айтты. Енді бағдарлама шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруға болады. Шағын несиелер Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне беріледі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – бұл ең алдымен біздің тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру. Бағдарламаның орындалуы үнемі бақылауда болады. Жоба тиміді және оның максималды қайтарымы болуы керек. Қалалар мен облыстардың әкімдері жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылуы керек. Қаржы бөлімі бөлінген қаражаттың жұмсалуын үнемі қадағалап отыруы керек», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жүзеге асырылып жатқан жобалардағы жергілікті қамтудың үлесін бақылауды тапсырды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кем дегенде 90% -ы отандық өндірушілерден сатып алынуы керек.