Биыл Қарағанды облысында 660 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында 660 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қарағанды облысы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында 660 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нысаналы индикаторларын айқындады. Осы жылы жалпы өңірлік өнімнің өсуін 3,6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету көзделуде. Сонымен қатар, 725 млрд теңге сомаға инвестиция тарту жоспарлануда. Осы жылы 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары. Нәтижесінде, 34 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы Қарағанды облысында 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда және 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, сапалы автомобиль жолдарының үлесін 85 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Қала халқының 100 пайызы және ауыл халқының 90 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. Одан басқа, елдің әрбір елді мекені бойынша насаналы индикаторлар декомпозицияланған, бұл ауылдарды және қалаларды қамтиды», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар