Биыл Қарулы күштерде 7 суицид әрекеті тіркеліп, төртеуі қайғылы аяқталған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қарулы күштер құрамындағы суицид әрекеттері туралы статистиканы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ондай статистика бар. Менің алдымда Бас әскери медициналық басқарма бастығының анықтамасы жатыр. Бірақ ол статистика шынымен қайғылы», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрдің орынбасары әскерилер арасындағы суицид деректерін елдегі жалпы статистикамен салыстыра айтып берді.

«Биылғы 5 айдың ішінде Қазақстанда 4318 аяқталған суицид тіркелген. Соның ішінде төртеуі Қарулы Күштерде болған. Суицид әрекеттері – 4942. Оның ішінде Қарулы күштердегісі –7. Яғни бұл 0,6 пайызы. Бұл жерде мен осы сандардың артына жасырайын деп тұрған жоқпын, дұрыс түсініңіздер. Жаңа да айтқанымдай, арнайы топ құрылды. Сол топ суицид деректерін азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр»,- деді Дархан Ахмедиев

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі аталған әскерилер арасындағы суицид мәселесі туралы түсініктеме берген болатын.



Фото: пресс-служба СЦК



Соңғы жаңалықтар