Биыл Қарулы Күштерде сержанттар мен сарбаздар құрамының аттестатталуы өтеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы 2016 жылғы наурыздың 1-і мен қарашаның 1-і аралығында Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында отырған келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің аттестатталуы өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аттестаттаудың басты мақсаты және міндеті - әрбір әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттеріне, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты әрі дәйекті сипаттама беру, аттесталатын әскери қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі мен олардың әрі қарай қызмет өткеруінің перспективасын айқындау.
Аттестаттау барысында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің қызмет ету мерзімін ұзартудың мақсатқа сәйкестігі айқындалады, әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлауды жетілдіру бағыттарын анықтау мен қызмет бойынша ілгерілету немесе оқуға жіберу үшін кадрлық резерв құрылады. Аттестаттау төрт кезеңде өткізіледі.
Бүгінгі күні барлық әскери бөлімдерде командирлердің шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылды. Оларға әскери қызметшілерге жасалған аттестаттау материалдарын қарау және олардың қызметті әрі қарай өткеруі жөнінде тиісті шешім қабылдау жүктеледі.
Аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары лауазымдарға ілгерілету және оқуға жіберу үшін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростар) резерві құрылады.
2015 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері аттестаттаудан өткенін естеріңізге сала кетейік. 100 % аттестатталғандардың 97,4 % өздерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін растады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар