Биыл қаржыландырудың шоғырландырылған көздері арқылы 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі - Ахметжан Есімов
АЛМАТЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Биыл бюджет есебінен салынатын тұрғын үй көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өседі. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында айтты.
«Биыл қаржыландырудың шоғырландырылған көздері арқылы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның 222 мың шаршы метрі бюджет қаржысынан салынады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Тұрғын үй коммуналдық кешенін жаңарту бағдарламасы бойынша 70 үй жөнделді. Енді тағы 200 үй жөнделеді. Ол былтыр Бостандық ауданында басталды», - деді А. Есімов. Қала әкімінің айтуынша, ескі қамыс үйлер бұзып оның орнына 4-5 қабатты эконом сыныпты үйлер салуға 2 млрд. теңгеден астам бөлінген. Бұл жұмыс Түркісіб, Медеу және Алмалы аудандарында жүргізілмек. Алдағы уақытта қаланың өзге аудандары да қамтылғалы отыр.