Биыл Қашаған кен орнынан 1,5-тен 3 млн. тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Биыл Қашаған кен орнынан 1,5-тен 3 млн. тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов айтты.
None
None

Оның айтуынша, мұндай көлемдегі мұнайды шетелге шығару үшін барлық инфрақұрылым бар көрінеді.

Сондай-ақ, Л. Қиынов Қазақстанның «Қашағандағы» үлесін ұлғайтпайтындығын атап өтті.

«Біз үшін қазіргі қолда бар 16,8 пайыз үлесіміз жеткілікті. Біз онда негізгі күшке айналғымыз келмейді, серіктестеріміз бар, сол серіктестермен жұмыс жасауды қалаймыз», деп атап өтті ол. Оның айтуынша, «Қашаған» қиын жерде орналасқан кен орны. Оны игеру үшін жоспарланғаннан көбірек қаражат жұмсалған.

«Қазір барлық күш-жігеріміз осы кен орнын іске қосуға жұмсалуда. Және де осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған құжаттар шеңберінде қимылдаудамыз. Бұл кен орнынан мұнай алу өте қиын болғандықтан, көбіне қауіпсіздік шараларына назар аударылып отыр. Сондықтан алдымен белгілі бір учаскеде тәжірибелік-өндірістік жұмыстар жүргізілу керек деп шешілген», - деді Л. Қиынов.

Соңғы жаңалықтар