Биыл қауіпті микроағзалармен 2,4 млн. гектар астық дақылдары зақымдануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық дақылдарының қатерлі микроағзалармен зақымдануын және шегірткенің таралуы қаупін болжап отыр.

Биыл қауіпті микроағзалармен 2,4 млн. гектар астық дақылдары зақымдануы мүмкін

«2016 жылы аса қатерлі зиянды ағзалар 5.2 млн. гектар жерге таралуы болжанып отыр, оның ішінде шегіртке секілді зиянкес - 1,8 гектарға, астық зақымдағыш түнгі көбелек - 0,9 млн. гектарға, астық дақылдарының аурулары - 2,4 млн. гектарға, сондай-ақ өзге де түрлері - 0,1 млн. гектар жерге таралуы ықтимал»,-деді Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры  Ажар Қаджыбекова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша аса қауіпті зиянкестермен қарсы күрес үшін республикалық бюджеттік бағдарлама аясында 4,6 млрд. теңге бөлінді.