Биыл қай облыста жер учаскелері көптеп беріледі

«Жер учаскелеріне инженерлік желілерді тарту жағынан екі облыс біраз жұмысты атқарып шықпақшы. Мәселен, Маңғыстау облысы 15 мың жер учаскесін дайын қылса, Ақтөбе облысы 11 мың жер учаскесін береміз деп отыр», - дейді Қасымбек. Министрдің айтуынша, жалпы республика бойынша алты айдың ішінде 23,5 жер учаскесіне инженерлік желілер тартылды. Биыл жеке тұрғын үйге қажетті жер учаскелерінің ең аз саны Қостанай (820), Шығыс Қазақстан (854) мен Павлодар (413) облыстарында болады.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылда 60 мың учаскесіне инженерлік желілерді тарту жоспарланған. Осы шараларға 45,5 млрд теңге қарастырылған.
Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасының дәл осы бағыты бойынша коттедж қалашықтарын салу жұмысы басталды. Баспана бюджет қаржысына салынады. Оны тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы сатып алуға мүмкіндік бар. Пилоттық жоба аясында төрт облыста 1 193 коттеджі тұрғызу жоспарланып отыр.