Биыл Қазақстан 22 млн тонна мұнайды шетелге экспорттады

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Биыл елімізе 22,1 млн тонна мұнай экспортталып, қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қазақстан 22 млн тонна мұнайды шетелге экспорттады

«Биыл төрт айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 млн тоннаға жетіп, жоспар 99,4% орындалды. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары», - дейді Нұрлан Ноғаев.

Ол мұнай-газ саласындағы iрі компаниялардың көрсеткішіне тоқталып өтті.

«Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 млн тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,1% орындалды. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 4,9 млн тонна болды, яғни қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 4 млн тоннаны құрап, жоспар 96,3% орындалды. Осы кезең ішінде 22,1 млн тонна мұнай экспортталып, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% атқарылды», - дейді министр.