Биыл Қазақстан 7 млн. тонна астық экспорттауды жоспарлайды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы маркетингілік жылда астық экспортының әлеуеті 7 млн. тоннаны құрайды.

Биыл Қазақстан 7 млн. тонна астық экспорттауды жоспарлайды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков БАҚ өкілдеріне мәлім етті.

«Маркетингілік жылдан бастап біздің әлеуетіміз былтырғыға қарағанда айтарлықтай төмен. Биылғы көрсеткіш 7 млн. тонна көлемінде болмақ. Өткен жылы 12,8 млн. тонна экспортқа шығарылды», - деді министр.

Оның айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 3,3 млн. тонна астық экспортталып үлгерді.