Биыл Қазақстан халқы 60,3 мың адамға өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының саны 17 млн. 200 мыңнан асты. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етт.
«Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 17 221,1 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар - 9 476,6 мың (55 пайыз), ал ауылдықтар - 7 744,5 мың адамға (45 пайыз) жетті. 2014 жылғы қаңтар-наурызда жалпы елімізде халық саны 60,3 мың адамға немесе 0,4 пайызға өсті», - деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, былтырғы сәуірмен салыстырғанда халық саны 251,5 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты.
2014 жылғы қаңтар-наурызда АХАТ органдарында 92,8 мың жаңа туған сәбилер тіркелді.