Биыл Қазақстан Президенті Сербияға сапармен барады - Н. Рүстемов

«Бізде жоғары басшылық деңгейінде саяси байланыс орнаған. Өткен жылы Қазақстанда Сербия басшысы болды, ал биыл Сербияда біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен күтіп отыр»,-деді Елші.
Осы ретте ол бұл сапар екіжақты қатынастарды дамытуға жаңа серпін беретінін жеткізді.
«Сапар аясында үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы өтіп, іскерлік кеңес құрылады. Сонымен қатар тауар және қызметтермен белсенді алмасу тұрғысында қызметтердің перспективалы бағыттары айқындалады», - деді ол.
Мұнымен қоса, қазақстандық дипломат биыл сербиялық парламент спикерінің Қазақстанға сапары жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында таратылған мәліметтерге қарағанда, Н. Назарбаевтың Белградқа алғашқы ресми сапар 2016 жылдың тамызына жоспарланып отыр