Биыл Қазақстанда 15 млн. тонна астық жиналуы мүмкін
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда астық шығымдылығы 15 млн. тоннаға жуық болмақ.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтты.
Осы орай министр өткен жылы 12,8 млн. тонна көлемінде астық қамбаға түскенін еске салып өтті.
Ведомство басшының атап өтуінше, астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнер деңгейінде болжануда.