Биыл Қазақстанда 291 адам суға кетті - В. Божко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл су айдындарында 159 бала құтқарылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ТЖМ басшысы Владимир Божко мәлім етті.

Биыл Қазақстанда  291 адам суға кетті - В. Божко

«Ағымдағы жылдың басынан бері суда құтқару қызметтерінің құтқарушылары су айдындарында 772 адамды, оның ішінде 159 баланы құтқарды. 11 мыңнан астам су қоймалары тексеріліп, суға шомылуға арналған 480 демалыс орны белгіленді. Бұл орындарда судың түбін қауіпті заттардан тазарту жұмыстары жүргізілді»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 291 адам суға кеткен, оның 81-і - балалар. Судағы қайғылы оқиғалар адамдардың күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауы, қауіпсіздіктің қарапайы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ азаматтардың суға мас күйінде шомылуы салдарынан болып жатады.