​​Биыл Қазақстанда 85,2 млн шабақ құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстандағы су айдындарында 85,2 млн шабақ құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

​​Биыл Қазақстанда 85,2 млн шабақ құтқарылды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бастап су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш алқаптарынан қырылу қаупі бар 85,2 млн шабақты құтқарылды. Бұл жұмысқа балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ құтқарылды.
Құтқарылған балықтың ішінде сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар.
Балық ресурсын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 техника жұмылдырылды.
Ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.