Биыл Қазақстанда астық өнімі орташа жылдық деңгейден жоғары болуы ықтимал - Ө. Шөкеев

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстанда астық өнімі орташа жылдық деңгейден жоғары болуы ықтимал.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев айтты.

«Биылғы астықтың өнімі ауа-райына байланысты болады. Қазіргі күнде елімізде күннің аптап ыстығы өтті, 10 күндей ауа температурасы өте жоғары болды, алайда соңғы үш күнде күн райы бірқалыпқа түсті, жауын-шашын болып жатыр. Алайда, бұған қарап астық болмайды деп түйін жасауға болмайды. Егер қазіргідей жауын-шашынды күн райы біршама уақыт сақталатын болса, онда мен биыл астық өнімі орташа жылдық деңгейден жоғары болады деп айта аламын. Бұл дегеніміз әр гектардан 10-11 центнерден астық алынады деген сөз», деді отырыста Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар