Биыл Қазақстанда егін шығымдылығы тәуір болады

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР АШМ биылғы жылы Қазақстанда егін шығымдылығы жақсы болады деп топшылап отыр.

Биыл Қазақстанда егін шығымдылығы тәуір болады

Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында көктемгі егіс науқаны бойынша баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Гидрометқызметінің мәліметтеріне қарағанда, топырақтың жоғары қыртысындағы күзгі ылғалды және қыста түскен қардың көлемін ескере отырып, көктемгі егіс науқаны алдында еліміздің барлық аумағындағы егіс алқаптарында ылғалдың қоры оңтайлы және қанағаттанарлық»,-деді министр.

А. Мамытбековтың пайымдауынша, бұл өз кезегінде биыл жақсы егін шығымдылығын алу үшін қолайлы алғышарт жасамақ.