Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 75 млн. 770 мың тонна болады деп болжануда - Б. Сұлтанов

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2009 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 75 млн. 770 мың тонна болады деп болжануда. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мұнай өндіру көлемі 2008 жылға қарағанда 7,3 пайызға артып, 75 млн. 770 мың тонна болады. Сонымен бірге, 2009 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі 0,1 пайыз деңгейінде болады деп көзделуде. Көктемде жасалған болжаммен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының төмендегені белгілі болды. Бұған әлемдік дағдарыстың салдарынан өнеркәсіп өнімдерін өндіру, құрылыс нысандары, сондай-ақ қызметтер көрсету көлемінің қысқаруы себеп болып отыр», деді Б. Сұлтанов. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылғы Қазақстан экспортының болжамы шамамен 47,7 млрд. долларды құраса, импорт 34 млрд. доллар деңгейінде болады деп көзделуде. Бұл бұрынғы болжамнан 583 млн. долларға төмен.

  «2009 жылдың соңында инфляция 8-8,5  пайыз деңгейінде қалады деп бағалануда. Бұл осыған дейінгі болжамнан 2,5-3 пайыздық тармаққа төмен. Көрсетілген макроэкономикалық деңгейдегі үрдістер мемлекет кірісінің деңгейіне әртүрлі әсер етеді. Бұл ретте республикалық бюджеттің кірістері бойынша 40 млрд. теңге толық түспейді деген болжам бар. Аталған кірістердің өзгеруіне бірқатар факторлар әсер етеді. Бір жағынан экономикалық дамудың баяулауы, импорт көлемінің азаюы және мемлекеттік ресурстардан, астық сатудан түскен қаражатты қайтаруды ұзарту есебінен бюджет кірістері 131 млрд. теңгеге төмендейді. Дегенмен, бұл көрсеткіш  кірістердің 91 млрд. теңгеге ішінара ұлғаюы есебінен өтеледі», деді министр. 

Соңғы жаңалықтар