Биыл Қазақстанда салынып жатқан немесе жөнделіп жатқан жолдарда 93 мың адам еңбек еткен - Ә.Құсайынов

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Көлік жолдары құрылысы мен жөндеу саласында біз биыл үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Жыл соңына дейін біз 655 шақырым жол салып, кейбір аймақтарда оларды қайта жөндеуден өткіздік. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Автомобиль жолдары комитетінің жұмысын қорытындылауға арналған мәжіліс барысында мәлім етті.

Биыл Қазақстанда салынып жатқан немесе жөнделіп жатқан жолдарда 93 мың адам еңбек еткен - Ә.Құсайынов

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы автомобиль жолдары саласына бөлінген қаржы көлемі 219 миллиард теңгені құрады. Аталмыш қаржыға 4 мың 950 шақырым жол барлық жөндеу шараларымен қамтылды. Еліміздің жолдарында биыл 93 мың адам жұмыс істеген. «Бұл орайда алдағы жылдан бастап еліміздің басқа аймақтарында да жол құрылысы жұмыстарының кеңейтілуіне байланысты біз атап өткен көрсеткіштің өсе беретіндігін атап өткен жөн. Бұл ретте тек «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының өзінде еңбектенетін азаматтар саны 50 мыңға дейін өседі», деді министр.