Биыл Қазақстанда темір жол көліктерін құрастыру саласындағы өнімдердің экспорттық көлемі 100 млн. долларға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда темір жол көліктерін құрастыру саласындағы өнімдердің экспорттық көлемі 100 млн. долларға жетіп жығылады.
Алдағы уақытта да бұл көрсеткіштің еселене түсетіндігіне сенім мол. Өйткені қазірдің өзінде локомотивтерді оқшаулауды 55 пайызға дейін, жүк вагондарын шығаруды 90 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Жалпы, елімізде қолға алынған Индустриаландыру бағдарламасының нәтижесінде республикада машина жасау өндірісінің көлемі 2,8 есеге артқан болатын. Мәселен, бұл саланың өндіріс көлемі 2008 жылы не бәрі 301,4 млрд. теңгені құраса, ал 2013 жылы сала көрсеткіші 853,9 млрд. теңгеге жетті. 5 жыл ішіндегі машина жасау саласындағы нақты өсім 175,1 пайызды құрады.
Аталған саладағы еңбек өнімділігі де көтеріліп келеді. 5 жылдың ішінде ол 2,2 есеге артып, 24,3 млрд. долларды құрады. 2013 жылы саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 47,5 млрд теңгені құрады, бұл 2008 жылдан 3,4 есеге артық.
Айта кетерлігі, өткен жылы машина жасау экспорты 1,3 млрд. АҚШ долларын құраған еді.