Биыл Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3% деңгейінде сақталды – ХВҚ болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық валюта қорының болжамына сай, биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,3% деңгейінде сақталады. Мұны Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Америка Құрама Штаттары мен Еуроодақтың болжамдарды көтеруіне қарамастан, биыл сәуір айында Халықаралық Валюта Қоры жаһандық экономиканың өсу болжамын 2,8%-ға дейін төмендетті. Әлемдік экономиканың өсуіне Қытай мен Үндістан елеулі үлес қосады», - деді Виталий Тутушкин.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның сауда әріптес елдері бойынша экономикалық өсім Еуроаймақ бойынша 0,7%-дан 0,8%-ға дейін және Ресей бойынша 0,3%-дан 0,7%-ға дейін артады деп болжам жасады.

«Қытай бойынша жалпы ішкі өнімнің өсу болжамы 5,2% деңгейінде, Қазақстан бойынша 4,3% деңгейінде сақталды», - деп түйіндеді Виталий Тутушкин.

Бұған қоса, Виталий Тутушкин,Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулағанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар