Биыл қазақстандықтардың шетелдердегі қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қазақстандықтардың 100-ден астам юрисдикциядағы қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қазақстандықтардың шетелдердегі қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады

«Біз электронды шот-фактураларды пайдалану міндетті болатын субъектілердің тізбесін кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде электрондық шот-фактураларды тек қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ, пилоттық режимде дәрілік заттар мен алтын кенін өткізушілер ғана қолданады», - деді ол.

Министр капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды. Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады», - деді Ерұлан Жамаубаев.