Биыл Қазақстаннан 23 әлем чемпионы шықты - Темірхан Досмұхамбетов

strong> Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Биылғы жылы спорт саласында 23 әлем чемпионы шығып, тарихымыздағы үздік нәтижеге қол жеткіздік. Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Алматыда журналистерге берген сұхбатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 8-і Олимпиадалық жарыстардың жеңімпаздары. Бұған дейінгі уақытта бізде жыл сайын ары кеткенде 3-4 әлем чемпионы шығатын еді.

«Еліміз қазір ЕҚЫҰ-на басшылық етіп отырған кезеңде біздің спортшылар да халықаралық жарыстарда өздерін жақсы қырларынан көрсете білуі керек. Бұл ретте Елбасымыздың өзі айтқандай, бұқаралық спортты 16-дан 30 %-ға дейін көтеру үлкен маңызға ие болып отыр», деді министр.

Оның айтуынша, соңғы уақыттары халықтың спортпен шұғылдану көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарып келеді. Жақында өткен Спорт күні мерекесінде 6 жарым мыңнан астам мерекелік шаралар ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар