Биыл Қазақстаннан қажылыққа баратындар үшін 4 мың орын бөлінді - Бас мүфти

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар үшін 4 мың орын бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас мүфтидің айтуынша, маусым айының басында Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық министрлігімен қол қойылған келісімге сәйкес, елімізге осынша орын бөлінген, егер қажылыққа баратындар саны артып жатса Сауд Арабиясы тағы 1 мың орын бөлуге дайын.

 «Алайда, былтырғы жылы да 4 мың орын бөлініп, қаржы дағдарысына байланысты 2500 адам барды.Биылғы жылы мінәжат етуге баратындар 4 мыңға жуықтайды деп межелейміз», дейді Бас мүфти.Оның айтуынша, биылғы жылы қажылық сапарына бірқатар өзгерістер енген.Мысалы, Қазақстан арқылы қажылыққа тек өз азаматтарымыз, Алматы-Жидда-Алматы немесе Алматы-Мәдина-Алматы бағыты бойынша ғана барады.Ал басқа елдің азаматтарына виза өз елдері арқылы ғана беріледі.Сондай-ақ биылғы жылы Қазақстаннан қажылық сапарын ұйымдастырмен 20 туристік фирма айналысады.Бұл фирмалармен Діни басқарма осыған дейін 6 рет кездесіп, қызмет көрсетуді жақсы ұйымдастырып, бағаны мейілінше төмендетуге ұсыныс жасаған.

 «Қажылыққа баратын азаматтар бұл фирмаларды таңдағанда өзінің көңіліне қолайлысын мұқият қарағаны жөн.Өйткені барып-келу, жатын орын, тамақ осы фирмалардың мойынында», дейді Әбсаттар қажы Дербісәлі.Ескерте кетерлігі, қажылыққа бару қазанның 20-нан бастап қарашаның 21-не дейін жалғасады.Қажылық рәсімдері орындалып болған соң, 27-ші қарашадағы құрбан айтттан соң қайту сапары басталады.

Соңғы жаңалықтар