Биыл Қазақстаннң бірқатар өңірерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін - Үкіметтегі кеңес

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстанның бірқатар өңірлерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«Батыс Қазақстан облысында қар деңгейі өткен жылға қарағанда үш есе артық, ал Атырау облысында екі жылдық норма түсті»,-  деді министр. Бұдан бөлек, В.Божко биыл Сырдария, Арыс, Жайық, Шаған, Қаратал, Лепсі, Тобыл өзендерінде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар ол биылғы қыстағы төтенше жағдайларға тоқтала келе, жыл басынан бері Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар құрсауынан 1655 адам құтқарылғанын атап өтті.

Министрдің сөзіне қарағанда, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміздің Оңтүстік өңірінде наурыздың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы +10-16 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар