Биыл Қазақстанның 7 өңірінде автожолдар жөнделіп, пайдалануға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның 7 өңірінде республикалық маңызды автожолдар жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолының 8 учаскесі қолданысқа берілді.

Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды.

Мәселен, Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тасжолының 91 шақырымы пайдалануға берілді.

Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар ұзындығы 36 шақырым болатын «Петропавл-РФ шекарасы, Көкшетау қаласына кіреберіс» учаскесін қайта жаңартты.

Ал Маңғыстау облысында «Бейнеу – Ақжігіт» жолының 0-85 шақырымы және «Жетібай-Жаңаөзен» жолының 73 шақырымы тапсырылды.

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш-Атырау» автожолының ұзындығы 17 шақырымдық учаскесі реконструкциядан өтіп, қолданысқа берілді.

Бұдан бөлек, Атырау облысында «Атырау-Астрахань» тасжолының 20 шақырымдық аумағы мен Алматы облысында «Үшарал – Достық» жолының 30-60 км учаскесі де жаңартылды.

Сондай-ақ, жол компаниялары Орталық-Оңтүстік дәлізінің екі аумағын пайдалануға берді. Ол - 47 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс айналма жолы.

Айта кетейік, биыл елімізде жаңарту жұмысымен республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырымы қамтылған.


Соңғы жаңалықтар