Биыл Қазақстанның астық экспортының әлеуеті 9,5 млн. тоннаны құрамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанның астық экспортының әлеуеті 9,5 млн. тоннаны құрауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық директоры - басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.
None
None

«ҚР АШМ есептеулеріне қарағанда, 2014 жылы астықтың экспорттық әлеуеті 9,5 млн. тоннаны құрайды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша 2013-2014 жылдары Қазақстан 7,3 млн. тоннаға жуық бидайды экспорттады. Біздің ойымызша, АШМ атап өткен әлеуетке қол жеткізеді», - деді ол.

Осы орайда ол өткен жылы Қазақстанда 18,2 млн. тонна астық жиналғанын, оның 13,9 млн. тоннасы бидай екенін еске салып өтті.

«Бұл өз кезегінде астық экспорты үшін жақсы жағдайды қалыптастырып отыр», - деді Н.Дайырбеков.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде еліміз астық экспорты бойынша әлемде жетінші орында. Сонымен қатар әлемдік бидай нарығында біздің үлесіміз бес пайызды қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум