Биыл Қазақстанның кеден органдары есірткі заттары айналымының 21 фактісін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан Республикасының кеден органдары есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының 21 фактісінің жолын кесті, олар бойынша 32 қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл ретте, 5 келі 197 грамнан аса есірткі заттары анықталып, олардың ішінде 3,27 келісі «героин», 1,3 келісі «гашиш», 117,69 грамы «марихуана» және 446,68 грамы есірткінің өзге түрлері», - делінген ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінің мәліметінде.
2013 жылы кеден қызметі есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының 50 фактісінің жолын кесіп, осы бойынша 70 қылмыстық іс қозғалды.
Бұл тұрғыда 244 келі 880 грамнан аса есірткі заттары анықталып, оның 38,3 келісі «героин», 1,7 келісі «гашиш» болды.