Биыл Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі биылғы жылдағы сауда салысындағы көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 пайызға артты

«2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады. 2017 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 7007,8 млрд теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,3 пайызға жетті. Дәл осы жылғы кезең ішінде көтерме сауда көлемі 15288,4 млрд  теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,7 пайызды қамтыды», - деп атап өтілген министрлік хабарламасында.

Белгілі болғандай, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 55421,8 млн  АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,7 пайызға жоғарлады. Оның ішінде экспорт - 34460,7 млн АҚШ долларын (31,4 пайызға өсті), импорт - 20961,1 млн  долларды құрады (17,2 пайызға артық).