Биыл Кедендік одақтың 13 техникалық регламенті қабыданады

Аталмыш жиында машина жасау өнімдеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін 6 регламент талқыланады және ол құжаттар 15 ақпан күні күшіне енбек. 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап - тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламенттер қабылданады.
«Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасында тауарлардың еркін айналымына қажетті шаралар мен жағымды жағдайлар жасау жұмыстары үздіксіз атқарылып келеді», - дейді Р.Сәтпаев.
Оның атап өткеніндей, 2012 жылы Кеден одағы елдерімен Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 4,8 пайызға өскен. Осы орайда техникалық регламенттерді біріздендіру қажет. Мәселен 2013 жылы Кеден одағының 13 техникалық регламенті қабылданбақ.
Мәжіліске Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Еуразиялық экономикалық комиссиясының мүшелігіне енген техникалық реттеу мәселелері жөніндегі ведомстволарының басшылығы қатысты.