Биыл киік арасында пастереллез анықталған жоқ - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда киік миграциясын қолдан басқару бойынша шаралар атқарылуда. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулданов мәлім етті.
None
None

«Пастереллез киіктер ет алмай, көтерем болған кезде өршиді. Сонымен қатар, ауру тараған аумақтан киіктердің таза аумаққа көшуі кезінде де жаппай тарайды. Биыл киіктерде пастереллез анықталған жоқ. Қазақстанда киік миграциясын қолдан басқару бойынша шаралар атқарылуда. Қазіргі уақытта киіктің жаппай қырылуы тіркелмеген», - деді ол бүгін брифинг барысында.

«Былтыр киіктер аурудан көп қырылды. 134 мың киік жерге көмілді», - деп атап өтті Т. Қабдулданов.
Ресми емес мәлімет бойынша, былтыр мамырда Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында Бетпақ даланы мекендейтін 150 мыңнан астам киік қырылған. Қазақстанда киіктің жалпы саны ол кезде 280-300 мыңның арасында болатын.

Билогиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мамандары жануарлар пастереллёз ауруынан қырылды деп санайды.

Соңғы жаңалықтар