Биыл көлеңкелі экономика саласында жалған ақша жасау қылмысының үлесі басым
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл еліміз бойынша үш айда көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі брифинг барысында мәлім болды.
«Республика бойынша биылғы үш айда көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалды. Оның ішінде жалған кәсіпкерлік - 306, салық төлеуден жалтару - 147 , экономикалық контрабанда - 96, мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сақтау - 25, алкоголь өнімінің заңсыз айналымы - 72, заңсыз ойын бизнесі - 85, сондай-ақ жалған ақша жасаудың 580 қылымысы тіркелді»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күресте жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл шаралары ерекше орын алып отыр. Атап айтқанда, «қолма-қол ақшаны айналдыру фирмалары» арқылы қылмыстық кірістерді жария ету жүргізіледі және қаражатты ұрлау мен салық төлеуден жалтару әркеттері іске асырылуда.