Биыл ҚР Қаржы министрлігі электронды декларациялау жүйесін енгізбек
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Биыл ҚР Қаржы министрлігі экспорт және импортқа электронды декларациялау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.
Министр өткен жылы «Экспорт» рәсімі бойынша электронды декларациялаудың ақпараттық жүйесі әзірленгенін еске салып өтті. Бұл жүйе 24-28 желтоқсанда тексеріліп, іске қосылған көрінеді. Қазіргі кезде осыған орай Қостанай және Қарағанды облыстарында қанатқақты жоба енгізілуде. Сонымен қатар екінші жартыжылдықта импортты электронды декларациялаудың тәртібі іске қосылған болатын.
«Толықтай алғанда биылғы жылы біз ілкі тәртіпте электронды декларациялаудың мүмкіндігін қамтамасыз ете аламыз»,-деп түйді Б. Жәмішев.