Биыл Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 10-на сәйкес келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, 2016 жылғы Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 10-на сәйкес келеді.
«10 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады», - делінген хабарламада.
Сенбіге тура келетін Құрбан айт мерекесінде бір күн демалыс беріледі.
Елімізде Құрбан айт мерекесі 2005 жылдан бері мемлекеттік деңгейде атап өтеді. Мемлекет басшысы қабылдаған заңға сәйкес, Құрбан айт пен Рождество мерекесінің бірінші күні елімізде демалыс күндері болып жарияланған.