Биыл құрылысы аяқталмаған 22 нысан салынып бітіп, 5 мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалады

 АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылы еліміздегі құрылысы аяқталмаған 26 нысан салынып бітеді. Соның нәтижесінде 5 мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалады.

Биыл құрылысы аяқталмаған 22 нысан салынып бітіп, 5 мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалады

Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, өткен жылы республикадағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 трлн. 82 млрд. теңгеден асты. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 210 жылмен салыстырғанда 102,7 пайызға қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, былтыр 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй іске қосылды.

«Жалпы үлестік құрылысты қолдау үшін 2007 жылдан бастап 461,3 млрд. теңге бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 428 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл 62700 үлескердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Ал, 2012 жылы құрылысы аяқталмаған 26 нысан салынып бітеді. Соның нәтижесінде 5 мыңдай үлескердің құқығы қорғалады»,-деді агенттік төрағасы С. Нокин.